"Тұрғын үй құрылыс жинақ" банкінің басшысы болып Лаззат Ибрагимова тағайындалды

24.01.2017 16:15
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің басшысы болып Лаззат Ибрагимова тағайындалды. Ол, бұған дейін "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қорының басқарма төрайымы қызметін атқарған. Қазір де, қаржы мекемесі директорлар кеңесінің мүшесі. Лаззат Ибрагимова "Бәйтерек" холдинг басқарма басшысының орынбасары да болған еді. Ал, аталған банктің бұрынғы басшысы Айбатыр Жұмағұлов өткен жылдың аяғында Ұлттық экономика вице-министрі болып тағайындалған болатын.