Тұрғын үйлерді салушы компания 435 шаршы метр шатырды өзге біреуге сатып жіберген

Тұрғын үйлерді салушы компания 435 шаршы метр шатырды өзге біреуге сатып жіберген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жоспарланбаған 17-ші қабат. Алматыда тұрғын үйлерді салушы компания қулыққа басып 435 шаршы метр шатырды өзге біреуге сатып жіберген. Ал оған тұрғындар келісім бермеген көрінеді. Өйткені, бұл сату процессі үйді қолданысқа бермес бұрын орын алған болуы мүмкін. Енді нысанның иесі 16 қабатты үйдің үстінен тағы 3 пәтер салуды жоспарлап қойыпты. Тек мұндай «тосын сыйға» тұрғындар түбегейлі қарсы. Өйткені, бұл жалпы қауіпсіздік тұрғысынан да дұрыс емес дегенді алға тартады. Сөйтіп, халық былтыр бірауыздан қалалық сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына арыз түсірген. Тексеріс барысында нысан иесі төбе аралық жабынның тіреуіштерін кесіп тастатағаны анықталыпты. Мамандар оның заңсыз әрекеті үшін шамамен 200 мың теңгеге жуық айыппұл салыпты. Нысан иесі оны төлегенмен, шатырды қалыпқа келтірмеген. Қазір осы мәселе бойынша іс азаматтық сотта қаралып жатыр.


«15 қабатты, 1 қабат пентхаусымен. Бұл жақта 17-ші қабат деп сатып отыр. Техникалық құжатта да солай. Әділет департаментінде тіркеп отыр. Тұрғын емес жай деп және рұқсаттама қағаздарында беріп отыр 17-ші қабатқа. Бірақ өздеріңіз көріп отырсыздар, 17-ші қабат жоқ. Бұл жақта шатыр. Бұл кісіге нұсқама берілген, тексеру барысында, шатырдың құрылысын кесіп тастағаны үшін нұсқама беріліп, айыппұл салынған. Сол нұсқаманы уақытында орындамаған себептен азаматтық іс сотқа берілді», - деді Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бас маманы ¤Әлібек ТӨЛБАСИЕВ.


Новости партнеров