Түркияда жол-көлік апатынан зардап шеккендер елге өз қаражатымен оралады

30.09.2017 в 01:00

Түркияда жол-көлік апатынан зардап шеккендер елге өз қаражатымен оралатын болды. Олар Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі жібергелі отырған медициналық ұшақтан бас тартқан. Бұл туралы аталған ведомствоның санитарлық авиация орталығының директоры Нұржан Отарбаев мәлімдеді. Отандастарымыздың санитарлық авциация қызметінен бас тартуына медициналық ұшақта тек үш адамға ғана орын қарастырылуы себеп болған.


«Біздің түрік мамандарының сараптамасы негізінде медициналық борт үшін белгіленген медициналық көрсеткіштер бар. Соған байланысты 4 азаматтың үшеуі медициналық борт көмегімен жеткізілуі тиіс. Ал төртінші науқас амбулаторлық ем алып жатқандықтан, тасымалдаудың қажеті болмады. Түрік мамандар оның азаматтық авиация күшімен жете алатынын айтты», - деді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық авиация орталығы директоры Нұржан ОТАРБАЕВ.

 

¤Жалпы Стамбул-Анталья-Астана рейсі 28 қыркүйекке жоспарланған болатын, барып-қайту шығыны 21 млн теңгеге бағаланған. Еске сала кетейін, 21 қыркүйекте Кемер мен Анталья қалалары арасында ірі жол-көлік апаты орын алған еді, онда еліміздің төрт азаматы зардап шеккен болатын.