Биыл Алматының Түрксіб ауданы толықтай газдандырылады

Биыл Алматының Түрксіб ауданы толықтай газдандырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Алматының Түрксіб ауданы толықтай газдандырылады. 15 жылдан бері пәтер ішінде газ балонды пайдаланып келген 30 шақты  отбасы да бүгіннен бастап  табиғи газға қосыла бастады. Ал әлеуметтік жағдайы тым төмен тұрғындар не істемек?

Түрксіб ауданында орналасқан мына көп қабатты үйдің тұрғындары 15 жылдан бері газ балонды пайдаланып келген. Пропанды пәтер ішінде жағу аса қауіпті болғанымен, басқа амал болмаған. Өйткені, 70-ші жылдары бой көтерген баспанаға әу баста газды газгольдер арқылы жіберіп отырған. Кейінен мұндай қызмет көрсету тоқтатылды, дейді тұрғындар.  Абырой болғанда, апатты жағдайға жетпеген. 2002 жылдан бері көгілдір отынды күткен көпшілік биыл ғана қаражат жинап қол жеткізгендеріне дән риза.

«3 жыл бұрын газ құбыры бізге жеткен еді. Бірақ оны қосып, жұмысты соңына дейін жеткізіп беретін мердігер компания осы уақытқа дейін табылмады. Міне, биыл көгілдір отынды қосуға ел қатары мүмкіндік алдық. Біз секілді қария кісілерге газ балонды тасудың өзі әурешілік», - деді  Галина ЛИПИНСКАЯ.

Биыл дәл осы Түрксіб ауданын газдандыру жұмысы толығымен тәмамдалмақ. Әлі де көгілдір отынға қосылмаған  мыңдаған отбасы бар екен. Әсіресе, жеке сектордағы жұрт газдандыруға зәру.

«Түрксіб ауданы бойынша 1146 көп қабатты тұрғын үй бар. Оның 15-і көгілдір газға қосылмаған болатын және де 24678 үйдің 13387 -сі қосылмаған. Қазіргі таңда сметалық құжаттық қағаздары дайын. Жұмыс істейтін мердігер компаниясы бар. 2018 жылдың соңына дейін аяқтаймыз газдандыруды», - деді Алматы қаласы Түрксіб ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Айдос БЕКЕТАЕВ.

Мердігер компания газ қостыруға қаражаты жетпейтін тұрғындарды жеңілдіксіз қалдырмаймыз, дейді. Ал мүлдем жағдайы төмен отбасыларға тіпті  тегін қосып беруге әзір екендіктерін алға тартты. Мекеменің мұндай жомарттылығын жыл басынан бері 7 отбасы пайдаланыпты. 

«Жеңілдіктер, яғни жағдайы жоқ төмен отбасыларға қолымыздан келгенше көмегімізді беріп, жеңілдіктер жасап жатырмыз. Яғни, 50 пайыз төмен бағамен, егер жағдайы болмаса қолдан келгенше тегін кіргізіп беру. Тегін, мәселен есептеуішін алады 18 мың теңге, болды, басқа төлемейді», - деді мердігер компанияның басшысы Жадырасын БӘКЕН.

Биыл қаладағы жеке жер үйі барлар толықтай көгілдір отынмен қамтылады. Сондай-ақ Алматыдағы екінші  Жылу Энерго стансасын газға көшіру жұмыстары басталыпты. Энергетика министрлігінің мәліметіне сенсек, бұл оңтүстік астананың экологиясын 30 пайызға жақсартады.


Әйкерім Ердәулетқызы, Рәшит Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров