|
10.09.2018 | 19:42
6763

Алматыда KITAP FEST–2018 фестивалі өтті

Алматыда KITAP FEST–2018 фестивалі өтті

Алматыда KITAP FEST–2018 фестивалі өтті. Шарада отандық жазушылар өздерінің туындыларын халыққа таныстырды. Келушілер сонымен қатар, көрмеге қойылған кітаптармен алмасуға мүмкіндік алды. 


«Бұл жәрмеңке өте жақсы ұйымдастырылған. Биыл 5 жыл өтіп жатыр. Бұл тек кітаптың мәртебесін көтеру ғана емес. Бұл фестиваль кітапты да, жазушыны да, кітап безендіруді де, редакторлықты да, яғни кітап саласына қатысты әрбір еңбекті насихаттауға арналған көрме деп ойлаймын», – деді Қоңыр МҰҚАТАЕВА.

Аталған шарада алғаш рет кітаптары көп оқылған жазушылар мен авторлар марапатталды. Сонымен қатар, келген балаларға да қызықты ойын-сауық бағдарламалар қарастырылған. «Кітап фест» ұйымдастырушылары фестивальдің жыл санап ауқымы кеңейіп келе жатқанын айтады.  

«5 жылда біз үлкен өзгерістерді көріп отырмыз. Өйткені, әу баста «Кітап фест» шарасы тек кітап алмасу ретінде басталған болатын. Ал бүгін бұл фестивальдің аумағында 30-дан астам кітап дүкені мен баспа үйлері өздерінің еңбектерін ұсынып отыр», – деді KITAP FEST-2018 бас үйлестірушісі Майра ӘЛЖАНОВА.      

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир