|
03.05.2017 | 10:52
2683

Ұлы Жібек жолында саяхат бағыттары жаңғыртылуда

Ұлы Жібек жолында саяхат бағыттары жаңғыртылуда

Ұлы Жібек жолында саяхат бағыттары жаңғыртылуда. Түркі кеңесі арнайы тур пакет әзірледі. «Қазіргі заманғы Жібек жолы» жобасының аясында туристер табиғи нысандар мен тарихи орындармен таныса алады. Алғашқы ақпарттық тур 21 сәуірде Түркиядан бастау алған. Кейін делегаттар Әзірбайжанға табан тіреді. Тұмса табиғатты төрткүл дүниеге паш етуді көздегендер енді міне Қазақстанға келіп жетті. Олар  Алматы, Тараз, Отырар, Түркістан мен Шымкент қалаларын араламақ. Саяхат тәмамдалған соң, арнайы сайт құрылады. Турситер тарихи орындар туралы барлық ақпаратты сол сайттан ала алады.


«Бұл өте маңызды жоба. Ол Түркі кеңесіне мүше мемлекеттер Президенттерінің тапсырмасы бойынша жасалды. Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің төртінші саммитінің негізгі тақырыбы туризм саласын дамыту болды. Қазір туризмнің тенденциясы өзгерген. Әлем халқы бұрын барып көрмеген жерлерді танығысы келеді», - деді Түрік кеңесі бас хатшысының орынбасары Омер КОДЖАМАН.


Түркі кеңесі тур пакетті 3 жыл әзірлеген. Бүгінде кеңестің құрамына Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан және Қырғыз Республикасы мүше. Алдағы уақытта Өзбекстан елі де тізімге алынады деп күтілуде. Қазір келіссөздер жүргізілуде. Тур пакет маусым айының аяғында толық дайын болады.


«Саяхатшылар көбіне топ болып жүреді. Сондықтан оларға көмек көрсететін гид және арнайы ұйымның болғаны дұрыс. Аталған жобаның туристерге көрсететін көмегі көп. Туристер арасында оның танылуы үшін қолымыздан келгенше күш салу керек», - деді Түркия журналистер федерациясының вице-президенті Мехмет АЛИ ДИМ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир