|
18.07.2018 | 12:45
5705

Қаскелеңде алматылық алып тиіннің сыңары пайда болды

Қаскелеңде алматылық алып тиіннің сыңары пайда болды

Студенттер алматылық тиіннің егізін жасап шығарған, бірақ түпнұсқа түрімен салыстырғанда, бұл тиін су тегін болып шықты

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттері алматылық алып тиіннің көшірмесін жасап шығарды, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Мүсін Алматы облысы Қаскелең қаласындағы агросаябаққа қойылған

Қаскелең Алматы қаласының шекарасынан 10 шақырым жерде орналасқан. Мүсінді сәрсенбі, яғни 18 шілдеде өтетін Егістік күніне орай жасапты.


«ҚазҰАУ студенттерінің бастамасына Қазақ егіншілік институты қолдау білдірді. Материал жетіспеушілігі болған жоқ. Тәжірибе егістіктерінде тазалық жұмыстары жүріп жатыр», – деп мәлімет берді Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.

Қаскелеңдік тиінді жасауға бір теңге де жұмсалмаған.

Түпнұсқа тиіннің құны – 23 миллион теңге, 15 миллионы қалалық бюджеттен төленген.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир