|
15.05.2018 | 14:48
1586

Өз қызын өлтірген қостанайлық сотта жауап береді

Өз қызын өлтірген қостанайлық сотта жауап береді

Қостанай қаласында өлтірілген 9 сынып оқушысының әкесі сот алдында жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода мәлім етілгендей, күдікті С. Клепиков 2016 жылы түрмеден уақытынан бұрын босап шығып, кәмелетке толмаған қызымен бірге Қостанай қаласындағы туған әпкесінің үйін паналайды. «2018 жылдың наурыз айында С. Клепиков пен қызының арасында жанжал туындаған. Ол қызына тыңдамағаны үшін кеуде тұсынан пышақпен бірнеше соққы жұмсайды. Күдіктінің сол уақытта мас болғаны анықталды. Жәбірленуші дене жарақаты салдарынан оқиға орнында көз жұмды», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Енді С.Клепиков ҚР ҚК 99-бабы, 2-тармағы бойынша сот алдында жауап береді.

Еске салсақ, 17 наурызда Қостанайда №11орта мектептің 9 сынып оқушысын өлтіріп кеткен болатын.

Сол күні оқушының әкесі дене жарақатымен облыстық ауруханаға түсті. Ол тәртіп сақшылардың бақылауына алынды. 20 наурыз күні күдікті анықталғаны мәлім етілді. 



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир