Тазалықшы ұшақ әжетханасынан адам эмбрионын тауып алды

08.08.2018 19:23

Нью-Йоркте ұшақ тазалаушы Ла-Гуардия әуе кемесінің әжетханасынан адам эмбрионын тауып алды.

Жансыз шарананы American Airlines қызметкері көріп қалыпты. Ол сейсенбі күні Солтүстік Каролинадан Нью-Йоркке қонған ұшақты тазалап жатқан.

РИА-Новости жазғандай, әуе компаниясының өкілдері қазір полицейлермен бірге оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды Sputnik-Қазақстан.  


«Біз бұл қайғылы әрі шетін жағдайдың мән-жайын анықтап жатырмыз, құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнаттық», — деп мәлімдеді American Airlines өкілі.

Әуежай өкілдері Twitter-де осы жолақпен ұшатын барлық рейстің жолаушыларына полиция тексеріс жүргізіп жатқанына байланысты ұшақтар кешігуі мүмкін екенін ескертті.