|
11.12.2017 | 16:21
9798

Алтын Орда базары арқылы өтетін Алматы-Бішкек күре жолы жартылай жабылмақ

Алтын Орда базары арқылы өтетін Алматы-Бішкек күре жолы жартылай жабылмақ


Алтын Орда базары арқылы өтетін Алматы-Бішкек күре жолы жартылай жабылады. Қазір қалаға кірер бағыттағы жолды кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, көліктер кейін осы кеңейтілген жол арқылы екі бағытта қатынайтын болады. Онсызда кептелістен көз ашпайтын қос базардың алдындағы көлік тығынын мердігер мекеме қалай шешпек.

Алтын Орда базарының айналасында ұзақ жылдан бері қалыптасқан көлік кептелісін жою үшін құрылыс жұмыстары екі жылға жалғаспақ. Мемлекеттің 9 миллиард, 100 миллион теңгесіне жалпы ұзындығы 3 шақырым, 860 метр жол салынады. 10 жолақты жолды бойында 3 жаяу жүргінші, 1 кері бұрылыс, үлкен айналмалы көпір тұрғызылмақ.  

Жылдар бойы жыр болған жолдың қалаға кірер бағытын кеңейту жұмыстары ақыры басталды. Кезек-кезек жасалатын кең жолдың бір жағы ғана уақытша қолданысқа беріледі де, қалаға кіретіні де шығатындары да келесі қапталмен өтеді. Басшылар барынша тырыссақта кептелістің болмауына кепілдік бере алмаймыз дейді. 

«Көлік тығыны көбеюі мүмкін. Сол мәселеде жұмысқа кішкене қиындау болып жатыр. Бірақ басқа жерлерде де, ауыл арасында да жолдар бар. Көліктер өтіп кететін жерлер бар»,-деді Жоба жетекшісі, Рүстем ТӨЛЕГЕНОВ.

Он жолақты  жолдың шеті қоғамдық көліктерге, кейінгі қос жолақ базар, елді мекендерге кіріп-шығуға бағытталса, ортадағы төрт қатар транзиттік көліктерге арналады. Басшылар әу баста 33 айға есептелген жұмысты жүргіншілердің көптігіне байланысты 24 айда бітірсек дейді.

«Қазір выкуп мәселесі аяғын алған жоқ. Біту мерзімі 2020 жылдың аяғына дейін. Біз бірақ мұны 2019 жылдың аяғына дейін бітіруге тырысамыз. Себебі, бұл маңызды. Мұны біз өйтіп 2020 жылға дейін созатын болсақ бұл жердегі әлеуметтік мәселелерден тез-тез құтылу үшін бұл жобаныда жоспардан бұрын бітіруге тырысамыз»,-деді Бас мердігер компанияның директоры, Берік ТІЛЕУКЕЕВ.

Қазір Алтын Орданың алдындағы сауда орындарын алу үшін сот процесі жүріп жатыр. Барлығы 75 жер учаскесі ілінсе, осы уақытқа дейін оның 53 кері қайтарылған. Меншіктегі жерлерді мемлекетке қайтару үшін 574 миллион теңге бөлініпті. 

Әмірболат Құсайынұлы, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир