«Журналист болғым келеді» республикалық эссе байқауын өткізу ережелері
1. Байқауға 2018 жылғы қазақстандық мектеп түлектері қатыса алады.
2. Эссе үш тілде қабылданады: қазақ, орыс, ағылшын тілінде. Сондай-ақ, қатысушы қай тілде қалам тербегісі келетіндігі өз еркінде.
3. Байқау қатысушысы 30 сәуір, Астана уақытымен 23:59-ға дейін info.journalism@sdu.edu.kz электронды поштасына эссе және өзі жайлы мәліметті жолдауы қажет.
4. Байқау екі кезеңнен тұрады:
3.1. Байқауға ұсынылатын эссе жұмысын және өзі туралы мәлімет Word құжат түрінде жіберуі керек. Эссе қабылдау мерзімі 30 сәуірде аяқталады. Үздік 20 мақаланы іріктеу 11 мамырға дейін жүргізіледі.
3.2. Мақаласы үздік деп танылған 20 қатысушыдан сұқбат алынады.
Сұқбат уақыты 15 мамыр күні сағат 10:00 – 13:00-дейін.
Байқау жеңімпаздарының есімі 15 мамыр күні сағат 16:00-дейін белгілі болады. Жеңімпаздарға арналған бірнеше жүлделі сыйлықтар бар. Ал, бірінші орын иесіне СДУ-нің журналистика мамандығы бойынша білім гранты беріледі.
5. Эссе таңдау шарттары: Қатысушы өз ойын қара сөзбен және өлең түрінде жаза алады. Туындылардың логикалық-танымдық мазмұны, әдеби-көркемдік жағы, грамматикалық сауаттылығы бағаланады;
Эссе мазмұны, ойы - 20 ұпай
Мәтіндегі ойды ұсыну әдісі, әдеби-көркемдігі, стилистика - 20 ұпай
Мәтіннің грамматикалық сауаттылығы - 10 ұпай
6. Формат: Байқауға ұсынылатын эссе жұмысы және өзі жайлы мәліметке Word құжат түрінде тіркеп жіберуі керек.Эссе көлемі (А-4 форматында, Times New Roman қарпінде, 1 интервал өлшемі аралығында ) 2 беттен кем болмауы, 4 беттен аспауы керек;
7. Қатысушы туралы ақпарат:
• Толық аты-жөні;
• Тұрғылықты мекенжайы;
• Байланыс ақпараты;
• Мектеп;
• Жеке бас куәлігі мен мектеп орнының анықтамасының көшірмесі.
Байқаудың бас үйлестірушісі: Мадияр Саудбаев.
Тел: +77019535751
Email: madiyar.saudbayev@sdu.edu.kz