Храпуновтар үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылмайды

Храпуновтар үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылмайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Храпуновтар отбасының үстінен қозғалған қылмыстық қудалау доғарылмайды. Бұған дейін өткен алдын ала тыңдалымда сот залына келген өзге айыпталушылардың адвокаттары мерзімінің өтіп кеткенін алға тартып, қылмыстық істі тоқтатуды сұраған болатын. Қалалық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қасым Қалмағамбетов бұл өтінішті қанағаттандырмады.  

«Заң талаптарына сәйкес көзделгендей, істі қысқартуға сотталушылардың бірі немесе жәбірленушілер қарсы болса немесе басқа да мән-жайларды зерделеу қажет етілсе, сот талап-тілекті бас сот талқылауында талқыланғаннан кейін барып тиісті шешім қабылдайды. Сот сол шешім бойынша істі қанағаттандырусыз қалдыра алады», – деді Алматы қалалық Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Қасым ҚАЛМАҒАМБЕТОВ.     

Храпуновтар ісі бойынша басты сот отырысы 6 тамызда басталады. Сот отырысы 9 тамызға дейін жалғасады. Жалпы, 400 томнан тұратын іс бойынша 200-ден астам куәгер тыңдалады. Қылмыстық іске қатысы бар дегендердің арасында Виктор Храпунов пен Лейла Храпунова бар. Олардан бөлек, бұл іске тағы 10 адамның қатысы бар. Қазіргі таңда олар кінәларын ішінара ғана мойындап отыр. Виктор және Лейла Храпуновтарды қамауға алу туралы сырттай шешім шығарылған. Ал қалған азаматтардан елден кетпеу туралы қолхат алынды. 


Новости партнеров