Алматы облысындағы топырақ көшкіні: Тұрғындарға қауіп бар ма

Алматы облысындағы топырақ көшкіні: Тұрғындарға қауіп бар ма
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында тау жыныстарының көшкіні қазіргі уақытта тұрғындарға қатер тудырып тұрған жоқ. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Төменгі жақта Саты және Алғабас елді-мекендері бар. Біз сол учаскеге мониторинг жүргіздік. Әр елді-мекендегі тұрғындар саны мың адамнан асады. Олармен тиісті түсіндіру шаралары жүргізілді. Қазіргі кезде бұл елді-мекендер үшін көшкін қатер төндіріп тұрған жоқ», - деді Ю. Ильин.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде көшкін екі учаскеге (оңтүстік және солтүстік) бөлінген. Алдын ала есептеулер бойынша оның массасы шамамен 50 млн текше метрді құрап отыр. Көлсай өзені арнасына жақындаған оңтүстік учаскеде тау жыныстарының қозғалуы біршама баяу жылжып келеді. Солтүстік учаскеде өзенге дейін 60 метр қашықтық қалды. Осы орайда судың көп көлемде жиналуына жол бермес үшін тиісті шаралар атқарылып жатыр.

Новости партнеров