Назарбаев екі министрлікті қайта құрды

06.01.2017 14:48

Нұрсұлтан Назарбаев екі министрлікті қайта құрды. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы Қаулыға қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және көші-қон процестерін реттеу саласын ұйымдастыру өкілеттіктері берілді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Ішкі істер министрлігіне оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдау шараларын, шетелдік жұмыс күшін тарту жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және ел Үкіметіне енгізу, заңнамаға сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету секілді функциялары мен өкілеттіктері беріле отырып, қайта ұйымдастырылсын - делінген қаулыда. Қайта бөлiнетiн штат саны шеңберінде Ішкі істер министрлігі жанынан көші-қон қызметі комитеті құрылады. Бұл жарлық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.