Мемлекет басшысы Өмірзақ Шүкеевті қабылдады

12.01.2017 14:45

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шүкеевті қабылдады. Кездесу кезінде президент  әл-ауқат қорын түрлендіруді - сапалы жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Одан бөлек, елімізде Сингапурдың «Темасек» қорының моделі бойынша холдинг құру жөнінде міндет қойды. Ал, Өмірзақ Шөкеев қордың қарауындағы активтер мен электр стансасының қызметін жекешелендіру барысы жөнінде айтты.


«Жекешелендіру мәселесі бойынша жұмыс істеп жатырмыз. 217 нысананың тізімдегі 120-сы баланстан шықты. Бірінші тізімнің 70 пайызы сатылды деп айтуға болады»,- деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқармасының төрағасы, Өмірзақ ШӨКЕЕВ.