Алматыда теңгенің 25 жылдығына арналған көрме ашылды. Мұнда келушілер еліміздің ұлттық валютасының құрылу кезеңін түгелдей көре алады. Экспозицияда 4-ші ғасырдан бастап, қазіргі Қазақстан мен көршілес мемлекеттердің сауда-экономикалық айналымында пайда болған монеталар ұсынылған. Сондай-ақ Ресей патшалығы, Кеңес Одағы кезінде қолданыста болған қағаз ақшалардың сан түрі қойылған. Тарихи маңызды көрме наурыздың жиырмасына дейін жалғасады.