Қазақстандық дәрігерлер туа бітті есту қабілетінен айырылған балаларға ота жасауды үйрене бастады

Қазақстандық дәрігерлер туа бітті есту қабілетінен айырылған балаларға ота жасауды үйрене бастады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық дәрігерлер туа бітті есту қабілетінен айырылған балаларға ота жасауды үйрене бастады. Ақ халаттылар ол үшін шетелдік әріптестерінің тәжірибесіне сүйенген. Ақсай ауруханасында Ресейдің білікті хирургы, құлақ ауруының күрделі түріне шалдыққан қос балаға теңдессіз ота жасады. Жергілікті мамандар осы операция кезінде шеберліктерін шыңдады. Қазір науқастардың жағдайы қандай? Іргелес елдің хирургтері жасаған ота несімен тиімді? Айдана Мейрамбайқызы сөз алсын.

Кішкентай Ұлмекеннің осы қыста құлағы ауырып, күндіз-түні шырқыраумен ата-анасының есін шығарған. Әуелде бұған мән бермеген анасы, қыздарын Ақтөбедегі дәрігерлерге қаратыпты. Ақ халаттылар Ұлмекеннің құлағын компьютерге түсіріп, туа бітті холестеатома және атрезия диагнозын қойған. Әрі, аты жаман ауруларға шұғыл түрде ота жасамаса, қыздың құлағы мүлдем естуден қалады деп кесіп айтқан.

«Құлағында гной жиналған бірінші, екінші құлағында туа бітті атрезия бар деді. Атрезия наружно слухового прохода. Компьютерлік диагностика өткен снимогымызды алып, түсіндіріп берді. Атрезия деген баланың құлағы сіздің ішіңізде дұрыс дамымай қалған. Құлағы дамыған бірақ, ішкі тесігі дамымай қалған. Соған шұғыл ота жасау керек, бірақ бұны шетелдегі хирургтар жасайды немесе біз шет елден адам шақыртамыз деді»,- деді Ұлмекеннің анасы, Ақтоты ЕРМАҒАМБЕТОВА.

Анасы бел буып, қызына көптен күткен отаны жасатуға Алматыға алып келді. Ұлмекеннің құлағын емдеуге, Ресейдің білікті хирургы Хассан Диаб білек сыбана кірісті.  Іштен есту қабілетінсіз туған талай балаға ота жасаған маманның тәжірибесі мол. Бұл күрделі отаны жасауда ол өзінің шеберлігін, қазақстандық дәрігерлерге үйретті.

«ТМД елдерінде құлақ ауруларының осы түрлеріне ота жасайтын дәрігерлер санаулы. Өйткені, бұл өте күрделі. Операция әрдайым сәтті аяқтала бермейді, адамның өміріне қаупі жоғары. Сондықтан, біз өзіміздің біліміміз бен тәжірибемізді болашақта осындай ота жасайтын мамандарға үйреткіміз келеді»,- Отохирург (Ресей), Хасан ДИАБ.

Ресейлік дәрігердің жетекшілігімен бұл күні туа бітті есту қабілетінен айырылған екі бірдей балаға теңдессіз ота жасалды. Білікті маманның шеберлігін көруге Қазақстанның алдыңғы саптағы отоларингологтары қатысты. Енді олар көзімен көріп, көкейге түйгендерін өз тәжірибелерінде қолданбақ.

«Біз бұл шеберлік сағатына ұзақ уақыт дайындалдық. Енді келер жылы осындай күрделі отаны өзіміздің елімізде жасауды қолға алмақпыз. Науқас балалар шет елге бармай-ақ, сапалы емді Қазақстанда алса дейміз»,- деді «Ақсай» Республикалық клиникалық балалар ауруханасының бас дәрігері, Ирина БРЕЖНЕВА.

Ресей дәрігерлері жасаған екі ота да сәтті аяқталды. Қазір науқастар өздерін жақсы сезінуде. Өмір бойғы есту қабілетінен айырылып қала сақтаған балалар, енді еміс  жақсы ести бастайды деп сендірді ақ халаттылар. Айта кетсек, холестеатома және атрезия кеселіне еліміз бойынша 300 бала шалдығып, ота жасауға мәжбүр екен.

Айдана Мейрамбайқызы, Ернур Досжанов, Мұрат Тайжанов, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров