Универсиада қарсаңында Алматыда жеңілдіктер жасалмақ

Универсиада қарсаңында Алматыда жеңілдіктер жасалмақ
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Универсиада қарсаңында Алматыда жеңілдіктер жасалмақ. Тұрғындар  дисконт картасы арқылы 20-шы қаңтар мен 10-шы ақпан аралығында азық-түлік емес тауарларды жеңілдікпен ала алады. Жеңілдік жасалатын тауарларға 100 ден астам халықаралық бренд маркасы кіреді. Өнімдерге  қанша жеңілдік жасалатын кәсіпкерлердің өздері шешіпті. Шара аясында тұрмыстық техника мен электроникалық тауарлар 15 пайызға дейін арзандамақ. Ал, тоқыма өнімдерді 80 пайызға дейін жеңілдікпен сатып алуға мүмкіндік бар. Айта кетсек, мұндай жеңілдіктер маусымын Алматыда жылына 2 рет өткізу жоспарланып отыр.


«Шараға 100 ден астам сауда орындары белсенді түрде қатысуда. Олар, Алматы нарығына 500 ден аса танымал брендтер ұсынып отыр,. Бұл, Алматылықтар мен қала қонақтарына үлкен мүмкіндік деп ойлаймын»,- деді Алматы қаласы кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары, Аян БЕЙСЕКИН.

Новости партнеров