Алматыда «Университет барысы» турнирінің жеңімпаздары анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Студенттер боз кілемде өзара мықтыларды анықтады. Жоғары оқу орындары арасында өткен «Университет барысы» турниріне алматылық жастар қатысты. Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінің 90 жылдығына орай өткен балуандардың бәсіне 120-дай спортшы қатысып, білекті мен жүректілер күні бойы күш сынасты. Жиырма шақты жоғары оқу орындарының атынан қатысып, қазақша күрестің үш салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз атанған студенттер қомақты қаржыға ие болды.
«1-орынға - 150 мың, 2-орынға - 100 мың, 3-орынға - 50 мың теңге. Жастарды патриотты қылып, елін, Отанын сүйетін жастарды тәрбиелеп өсіру шараның мақсаты»,-деді ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ерғали МҰХИТДИНОВ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34