Астанада биіктен құлаған Людмила аман қалды

Астанада биіктен құлаған Людмила аман қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астана қаласындағы тұрғын үй кешендерінің 15 қабатынан құлаған 16 жастағы Людмила Спирина ажал аузынан аман қалды. Бойжеткеннің бұл қадамы суицидтік әрекетке баланып отыр. Бүгінгі таңда  құзырлылар тарапынан істің мән-жайын анықтауға  қатысты тексеру жұмыстары басталған. Ал, анасы қызының әрекетін түсіне алмай, дал. Дәрігерлер  өз тарапынан  бойжеткен өмірі үшін бір күн күресіпті. Қазіргі таңда Людмила көзін ашқан. Дегенмен жағдайы ауыр. Істің мән жайымен Елордалық тілшіміз танысып қайтқан болатын.

Күн әдеттегідей басталған. Людмиланың анасы ешбір қауіпті  сезбепті. Тіпті, оның осындай әрекетке барарын білмеген. Бірақ, соңғы бір айда ашық-жарқын бойжеткен тұйықтала бастағанын айтты. Әлеуметтік желіде екі аптадан бері хат алмасқан адамның кім екенінен бейхабар. 

«Ол тұйықтала бастады. Күнделікті біреумен хат алмасып отырғанын байқайтынмын. Біраз уақыт болды, кездесіп жүрген жігітімен қарым-қатынастарын тоқтатқан болатын. Мүмкін сол әсер еткен болар. Мүмкін, әлеуметтік желі кесірін тигізді ма білмеймін.Бірақ, қызым өлер алдында хат тастады деп естідім. Құзырлылар мені жолатпады.Оқығым келеді  не жазғанын. Сонда істің мәнін білер едім»,- деді, Елена СПИРИНА.

Ажал құшағынан аман алып қалған,  ақ халаттылар Людмиланың жағдайын бір қалыпты дейді. Дегенмен, алған жарақаттар ауыр. Жамбас , бел омыртқаның біразы сынған.Миы шайқалған деген диагноз қойылыпты. Қалыпқа келгеннен кейін міндетті түрде ота жасалмақ.

«Бүгінгі таңда осы жағдайға қатысты Астана қаласының құзырлы органдары тексеру жұмыстарын қолға алған. Сонымен бірге Арнайы сараптама да жүргізілетін болады»,- деді АнестезиологСауле ТАЙЖАНОВА.

«Естеріңізге сала кетейік, Елордада бұл қайталанып отырған екінші жағдай. Осыдан бір екі күн бұрын  Байқоңыр тұрғын үй кешенінде   тағы бір бойжеткен 21 қабаттан құлап,  жан тәсілім еткен болатын»,- деді ІІД ресми өкіліСофия ҚЫЛЫШБЕКОВА.




Новости партнеров