«Қазтрансгазаймақ» компаниясы 1-ші тамыздан бастап Жайық жылу қуатына көгілдір отын беруді тоқтатты, деп хабарлайды ТДК 42.
Жайық жұртын жылумен қамтып отырған компанияның газ үшін берешегі көп болып, биылғы жылдың өзінде бірнеше мәрте тұрғындарға ыстық су беруін тоқтатқан болатын. Ал қала тұрғындары ыстық су мен жылу үшін 400 млн теңге қарыз.
Қазіргі таңда, сала мамандары аталмыш мәселені шешу үшін қайтадан Жайық жылу қуаты газбен қамтылуы үшін газ тарататын компанияның бас кеңсесімен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді.