Ұстаздардың барлығы Жолдаудағы жоғары жалақыны алмайды

12.01.2018 14:15

Алматы облысы  мұғалімдерінің 77 пайызы жаңаша мазмұнда   оқыту  курсынан өткен. Бірақ олардың барлығы Жолдаудағы жоғары жалақыны алмайды. Қаңтардан бастап 30 пайыз аралығында қосылатын айлықтың қызығын тек арнайы бағдарлама арқылы оқып жатқан сыныптарға сабақ беретін ұстаздар ғана көре алады.

Соңғы төрт жылдан бері білім саласын, оқушы санасын көтеретін курстарға қатысып, қолына сертификат жинаудан қалыс қалмай жүрген ұстаздың бірі Гүлнар Құлжабайзы. Жалақы жуырда тағы жоғарлайды деген Президент Жолдауындағы жақсы жаңалықты естігелі жинаған құжаттарының кәдеге керек болғанына қуанып жүр. 30 жылдан атсам тарих пәнін тәпіштеп түсіндіріп келген мұғалім жаңа бағдаралма бойынша оқып жатқан сыныптарға сабақ беріп келеді. 

«Пән бойынша бағытталған курстардың барлығы және деңгейлік курстың Назарбаев зияткерлік мектебі жанында ұйымдастырылған курпстың бірінші деңгейін тәмәмдадым. Білім сапасынынң жоғарлауына жұмыс жасаймыз. Сондықтан мұғалімнің материалдық жағдайының жақсаруына қуаныштымыз. Бірақ материалдық жағдайды көтеру жаңа міндеттер жүктейді», - деді Алматы облысы  Іле ауданы №13 мектептің мұғалімі Гүлнәр ҚАЗЕРБАЕВА. 

Бірақ Іле аудандық білім бөлімінің басшылары «жоғары жалақыны курс оқығанның бәрі алмайды», - дейді. Мәселен, аудандағы 47 мектепте жұмыс істейін  3453  мұғалімнің 1274-і арнайы курстан өткен. Онда да тек халықаралық стандарт бойынша 1, 2, 5 және 7 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің ғана сағаты санға алынады.

«5 сыныпқа беріп, 8,9 сыныпқа береді ғой сабақты. Бірақ оның тек 5 сыныпқа берген сағаты ғана саналады. Сағатпен жүреді ғой. Олар 72 мың теңге алады. Ал егер сертификат алып, осы жаңартумен сабақ берсе  30 пайыз қосылады. Олар ол кезде 92 мың теге жалақы алады», - деді Алматы облысы  Іле ауданы білім бөлімінің аға әдіскері Сақыпжамал САПАҚОВА.

Бұл аптасына 18 сағат сабақ беретін жас мұғалімдердің жалақысы. Бұның үстіне оқытушының санаттық сапалық жалақысы жеке қосылады. Аймақ бойынша 34735 ұстаз болса, олардың 26 мыңға жуығы, яғни 77 пайыздан астамы білім жетілдіру курсынан өткен. Қазақстанда жаңа білім бағдарламасына сатылап өтуді  2020-жылға дейін аяқтау көзделген. 

«Ағымдағы жылда ұлттық біліктілік тесті енгізіледі. Соның аясында мұғалімдердің категориялары анықталады. Жаңа жүйе бойынша өз категориясын растаған ұстаздардың жалақысы 30-дан  50 пайызға дейін өседі. Балаларды ерте жастан дамыту бағдарламаларын жетілдіру жұмыстарын сонымен қатар, мектеп оқушыларының оқу жүктемесін азайту бойынша да ұсыныстар енгізу керек», - деді ҚР премьер-министрі Бақытжан САҒЫНТАЕВ.

Назарбаев зияткерлік мектебінің сапасына сәйкес сабақ беретін ұстаздарға бюджеттен  67 миллиард теңге бөлінеді. Ал келесі жылы  жаңа стандартты саналған сабақ кестесі 3.6 және 8 сыныптарға  енгізіледі. Осы саладағы айлықты арттыру мен білім біліктілігін көтеру сынды жолдаудағы өзгеде жобаларды жүзеге асыруға Білім және ғылым министрлігінен  бөлек  Еңбек және әлеуметтік даму, Ұлттық экономика мен  Қаржы министрліктері де  жұмыла жұмыс істемек. 

 Әмірболат Құсайынұлы, Рашиддин Якупов, «Алматы» телеарнасы