Алматыда жоғалған өнер туындысы «Целинный» кинотеатрынан табылды

Алматыда жоғалған өнер туындысы «Целинный» кинотеатрынан табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда бұрынғы «Целинный» кинотеатрында белгілі суретші Евгений Сидоркиннің жоғалған сграффитосы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Целинный» кинотеатрында бірінші шараға дайындық кезінде гипсокартон қабатының астынан нағыз құнды жәдігер табылды. Бұл кеңес суретшісі, ҚазКСР еңбегі сіңген қайраткері Евгений Сидоркиннің еңбегі. 1960 жылдардың басында ол «Целинный» фойесі үшін көпқабатты үлкен композиция жасаған болатын», – деп жазады Facebook парақшасында «Целинный» заманауи өнер орталығы.

2000-шы жылдары күрделі жөндеу кезінде сурет табылмаған соң, көпшілік оны жоғалып кетті деп есептеген.

Сондықтан бұл туындының көшірмесі жасалып, ғимараттың оңтүстік қасбетіне орналастырылған еді. Туындының түпнұсқасын енді 14-қыркүйектен бастап өнер орталығының ғимаратынан көруге болады.


Новости партнеров