ҚР Үкіметінің қаулысымен Нұрлыбай Сәбит Нұрлыбайұлы ҚР энергетика вице-министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Сәбит Нұрлыбай 1967 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.
Қазақ политехникалық институтын, А. Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін тәмамдаған. Мамандығы - инженер-механик, заңгер. Еңбек жолын 1991 жылы бастаған. Әр жылдары мемлекеттік органдардың құрылымында, оның ішінде ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінде, ҚР Өнеркәсіп және сауда министрлігінде, ҚР Парламентінде және коммерциялық кәсіпорындарда жұмыс істеген.
1998-2004 жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде, Энергетика және минералды ресурстар министрлігінде, ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетте қызмет еткен.
2004-2009 жылдары Астана қаласының Тұрғын үй департаментінің директоры лауазымын атқарды; білім және ғылым министрінің кеңесшісі, Әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры, ҚР Білім және ғылым министрлігінің аппарат басшысы; «ҚазТрансГаз» АҚ аппарат басшысы, бас директордың кеңесшісі ретінде қызмет атқарды.
2009-2017 жылдары ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары болып еңбек етті.
2017-2018 жылдары - ҚР Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы орынбасарының м.а., орынбасары.
2018 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР энергетика министрінің кеңесшісі қызметін атқарды. Бұған дейін энергетика вице-министрі лауазымын Ғани Сәдібеков атқарды, ол ҚР Үкіметінің 10.08.2018 ж. қаулысымен қызметінен босатылды.