Биыл Алматы қаласының туризм әлеуетінің дамуына Универсиада ойындары мен ЭКСПО көрмесінің өтуі түрткі болған. Оның үстіне статистикалық мәліметтерге 65 мемлекеттен визасыз режимде келген саяхатшыларды қосыңыз. Өтіп бара жатқан жылдың қорытындысын Алматы қаласы Туризм және сыртқы қатынастар басқармасының бөлім басшысы Әлия Мырзахметованың өзі айтып берсін. Ол қазір стуиямен тікелей байланысқа шықпақ.
Әлия! Биыл елімізге қанша шетелдік келді және қай мемлекеттерден?
-Барлықтарымыз білетіндей биылғы жылды біз Универсиадамен бастадық. Бұл ойындар басқаларға қарағанда келушілер мен қатысушылар жағынан рекордты болды. Және биыл 9 айдың көлеміндегі ақпарат бойынша Алматы қаласына 700 мыңнан астам туристер келді. Ол, осында орналасқан жатын орындардың берген ақпараты бойынша. Оның ішінде 300 мыңға жуығы шетелдіктер болып табылады. Және де біздің мемлекетке көбіне 1-ші өшеретте көршілеріміз келеді. Және де Қытай елдерінен, Индия, Оңтүстік Корея, Түркия елдерінен және де алыс жақын шетелдерден туристер саны келіп жатыр.
Келген саяхатшылар туризмнің қай түрін көбірек таңдайды?
«Әрине біздің қаламызға көптеген себептермен шетелдік туристер келеді. Бірақ, ең бірінші мақсаттарының бірі - кәсіби туризмге байланысты, жұмыс бабымен келеді. Және де біздің тауларымызды көру мақсатында келіп жатады. Сонымен қатар, біздің мәдениетімізді, танып, білу мақсатында келеді. Сонымен қатар, шопинг туризм дейді, қазіргі таңда қызықтыратын түрлерінің бірі. Медициналық туризммен келіп жатқандары көп»,-деді Алматы қаласы туризм және сыртқы қатынастар басқармасының бөлім басшысы, Әлия МЫРЗАХМЕТОВА.
Осы ретте Алматыдағы туристік орталықтың қызметі жөнінде толығырақ айта кетсеңіз.
- Иә, біздің Алматы қаласында 2011-ші жылдан бері туристік ақпараттық орталық жұмыс істейді. Бірақ, биыл оның жұмысы түгелімен қайта қарастырылып, жаңа форматта жүргізіліп жатыр. Бұрыннан жүргізіліп келе жатқан жұмыстар бұл Аэропортта орналасқан туристік инфо рмациялық орталық бар. Бұл 24 сағат тәулігіне жұмыс істейді. Одан басқа қаланың ішінде Бөгенбай көшесінде орналасқан, және Абай мен Достық қиылысында және Алматы-1, Алматы-2 вокзалдарында туристік ақпараттық орталықтар бар. Бұл жерде кез келген қала қонағы керекті ақпаратты ала алады. Және бұл 3 тілде. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді.
- Рахмет! Құрметті көрермен бізбен байланысқа шыққан қалалық туризм басқармасының бөлім басшысы Әлия Мырзахметова боатын. Ал, біз хабарымызды өзге жаңалықтармен жалғастырамыз.