"Ақ жол" партиясының өкілдері шенеуніктердің жеке жауапкершілігі артуын қолдайды

31.01.2017 15:25

"Ақ жол" партиясының өкілдері шенеуніктердің жеке жауапкершілігі артуын қолдайды. Демократтардың пайымынша, Мемлекет басшысының өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі ұсынысы жергілікті билік, министрліктердің жұмыс істеу қабілетін арттырады. Үкіметтің халық алдында есеп беруі - заманауи билік құрылымының белгісі. Оған қоса, Парламент өкілеттігінің артуы жұмысын жете атқармаған жеке министрлерді ауыстыруға мүмкіндік бермек.  

«Президент өзінің 40-тан астам өкілеттігін  Парламент пен Үкіметке беріп отыр. Бұл қадам - демократиялық жаңаруға бастап отырған қадам деп білеміз. Яғни, демократиялық жаңару қадамы болғандықтан да, Президент осы демократиялық тағы бір шара - халыққа бір ай талқылауға беріп отыр»,- деді "Ақ жол" ДП төрағасының орынбасары, Қазыбек ИСА.