Алматыда ұшақтың жерге соғылып қонуы: Тексеру жүргізілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бүгін Алматы әуежайында ұшақ жерге соғылып қонды. Бұл оқиғаға қатысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«26 шілдеде SCAT (Sunday Airlines) әуе компаниясының Хургада-Алматы бағытындағы 5038 рейсі ұшағының қонуы кезінде артқы бөлігі жерге соғылған. Қазіргі таңда әуе компаниясы штаттық режимде жұмыс жасап жатыр. Аталған оқиға бойынша құзырлы органдар тексеру жұмыстарын жүргізуде», – деді комитеттен.
Ведомствоның хабарлауынша, ұшақ Алматы әуежайында жергілікті уақыт бойынша 22:48-де сәтті қонды. Бортта 233 жолаушы - 163 ересек, 70 бала, 3 нәресте болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43