Алматының сауда орталықтарында фестиваль жеңілдіктері басталды

20.01.2017 21:41

Алматыда Универсиада қарсаңында 200-ден астам сауда орталықтары мен дүкендер жеңілдік фестиваліне қатысады.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек 2017 жылғы 28-ші Дүниежүзілік Универсиадаға орайластырылған «Almaty Sales Festival – Winter 2017» бастамасымен 20 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтетін жеңілдіктер фестиваліне қатысатын бірқатар сауда орындарын аралады.
Жеңілдік фестиваліне әлемге танымал 500-ге жуық брендті ұсынатын әрі «street retail» форматында жұмыс істейтін 100 сауда орталықтары, 100 дүкен қатысады. Алматылықтар мен қала қонақтары киімдерді 80%-ға дейінгі, косметиканы 20%-ға дейінгі, зергерлік бұйымдарды 40%-ға дейінгі, тұрмыстық техника мен басқа тауарларды жеңілдіктермен сатып ала алады.