Елімізде дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды

30.03.2017 в 14:58

Елімізде дайын құжаттарды үйге жеткізу қызметі іске қосылды. Бұл сервис түрін “Азаматтарға арналған Үкімет” мемлекеттік корпорациясы  “Қазпошта” Акционерлік қоғамымен бірлесіп жүзеге асырып отыр. Енді қазақстандықтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, қажетті құжаттарына қол жеткізе алады. Аталмыш қызмет түрі уақыты тапшы жандар үшін аса ыңғайлы. Соңғы уақытта қызметті үйде отырып алуға өтініш білдірген азаматтар қатары өсе бастаған. Бүгіннің өзінде 5 адамға қызмет көрсетілді. Оның үшеуі жылжымайтын мүлкін тіркеу бойынша құжаттарын тапсырды. 

«Құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығының операторына тапсырғаннан кейін, онымен бірге «Қазпошта» АҚ-ның қызметкерінің көмегіне жүгіну арқылы кепілдік хат толтырылады. Содан кейін қызмет алушы қолхатымен үйіне қайт береді. Құжат дайын болғаннан кейін, «Қазпошта» АҚ-ның курьерлері дайын құжатты уйге немесе кеңсеге жеткізіп салады»,- деді Алматы қаласы бойынша ХҚКО департаменті Әуезов аудандық бөлімінің басшысы, Қанат АЙМАНОВ.

¤Құжаттарды жеткізіп беру қызметі жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негізде көрсетіледі. Үйге жеткізіп беру бағасы қызмет көрсетілетін аймаққа және соңғы жеткізілім мекенжайына байланысты болады. Жеткізілім жайлы ақпаратты берілген трек-нөмірі бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтің ең төменгі құны - 500 теңге. Қызмет алушы жеткізілім төлемін дайын құжаттарды алғаннан кейін жүргізеді.

Теги: услуга