Алматының «Орбита-3» шағын ауданында балаларға арналған ойын алаңы ашылды

04.07.2017 18:02


Алматыда «Орбита-3» шағын ауданында балаларға арналған ойын алаңы ашылды. Бұл, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қолданысқа берілді. Құны 36 млн теңгені құрайтын алаң 12 жасқа дейінгі балаларға арналған. Онда жасөспірімдердің  физикалық тұрғыда дамуына арналған құрал-жабдықтың бәрі бар. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жеткіншектердің де ойнауына болады.  Алаңнан бөлек, кәсіпкерлер оқушылар мен ата-аналардың қауіпсіздігі үшін айналаны көгалдандырып, көше шамдарын орнатқан. Тұрғындар ұзақ күткен алаңның құрылысы 1 айдың ішінде бітті. Жалпы биыл мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жасалатын ойын алаңының саны 25-ке жетпек.

«Міне осы алаңды салып, осы біздің аудан тұрғындарына сый ретінде тартып отыр. Бұл алаңға тереңірек қарайтын болсақ соңғы 5-6 жылдың ішінде қолдануға ыңғайсыз болып тұратын. Міне бір ай болмай, біз іске қосып отырмыз. Бұл жерде осы балалар алаңы қазіргі заң талабына сай олар асты жұмсақ резинадан салынған»,- деді Бостандық ауданының әкімі, Бекқали ТОРҒАЕВ.

Биыл қала бюджетінің есебінен Бостандық ауданында 60 аула толық жөндеуден өтеді. 94 балалар, 27 футбол мен 17 стритбол алаңын қайта жасақтау жоспарланған. Жобалардың жалпы құны 1 млн теңгеден асып жығылады.