Алматыдағы №7 қалалық ауруханада жаңа палаталар ашылды

15.06.2017 15:03

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аясында Алматыдағы №7 қалалық ауруханада екі жаңа палата ашылды. Оған қоса, Даниядан келген нейрохирургтар елімізде тұңғыш рет инновациялық әдіс бойынша ота жасады. Сондай-ақ, емдеу орнында архив және call орталығының тұсауы кесілді. Мереке қарсаңында ауруханада журналистерге арнайы ұйымдастырылған пресс турға тілші Перизат Көмекбайқызы қатысып қайтты.

№7 қалалық ауруханада Жаңадан ашылған қос палата да заманауи құрал-жабдықпен жабдықталған. Кардиология бөлімінің интенсивті емдеу бөлмесі 5 адамға шақталған. Онда жансақтау бөлімінен ауыстырылған науқастар ем қабылдайтын болады. Ал, гематология бөлімінің қарқынды емдеу палатасында мейіркештік пост жұмыс істейді.

«Бұл қарқынды емдеу палатасында осы гематология бөлімінде химия терапия алып жатқан, гемаглостоздармен науқастар немесе басқа да ауыр түрлі анемиялармен науқастарды егер оларды интенсивті бақылау талап етілсе, осы палатада сол науқастар ем қабылдайды. Және бұл палатаны өздеріңіз көріп отырғандай көп функционалды кереуеттермен жабдықталған. Әр кереуеттің жоғарғы жағында оттегін беріп тұратын консульдер бар. Сонымен қатар кардиомониторлар бар,- деді №7 қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, Жадыра ШЕРИЯЗДАН. 

Ауруханада қан орталығын қоса есептегенде, 29 бөлімше жұмыс істейді. Медициналық мекемеде 720 науқасқа көмек көрсетіледі. 

«Адамның ең негізгі байлығы денсаулық қой. Бірақ әр түрлі жағдайлардың арқасында денсаулығымызға кейде мән бермей нашарлатып аламыз. Осы Абдуллаев Марат Шадыбайұлының клиникасында 27-нен бері ем алып жатырмын. Оның ішінде 4-ші нейрохирургия бөлімінің 6 июнь күні ота жасалынды жағдайым жақсы»,- деді Емделуші, Сара НҰРСЕЙІТОВА.

Дәрігерлер жыл басынан бері үш мыңға жуық ота жасаған. Оның ішінде 712-сі жоғары технологиялық. Алматылық нейрохирургтар Даниядан келген әріптестерімен бірлесіп, елімізде тұңғыш рет орталық жүйке жүйесі ауруларына жаңа әдіс бойынша операция жасады. 

«Біз Алматыға криоанальгезияның инновациялық әдісін жетілдіру үшін арнайы келдік. Бұл әдіс хронологиялық неврологияға шалдыққан науқастың ота жасау кезінде ауырсынуды сездірмеу үшін қолданылады. Оны амбулаторлы ем қабылдау кезінде де пайдаланылуға болады»,- деді Нейрохирург (Дания), Игорь ФИЛИПОВСКИЙ. 

25 жылдық тарихы бар ауруханада мұрағат орталығы ашылды. Мұнда 1991 жылдан бері ем қабылдаған науқастардың дерегі сақталған. Алдағы уақытта оны электронды нұсқаға алмастыру да көзделіп отыр. Оған қоса, емдеу орнында call орталықтың тұсауы кесілді. Тұрғындар ауруханаға қатысты сұрақтарын енді үйден шықпай-ақ, мамандарға тікелей телефон арқылы қоя алады. 

«Қоңырау шалу орталығы таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 8-ге дейін жұмыс істейтін болады. Ал кешкі сағат 8-ден таңғы сағат 8-ге дейін автоматты түрде барлық өтініштер қоңырау шалғандар жазылып отыратын болады. Таңертеңгісін біздің қызметкерлер келіп, осы қоңыраулардың, жазулардың бәрін өңдеп, сұрақтарына сол нөмір арқылы жауап беретін болады»,- деді №7 қалалық клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, Нұрлан ОТАРҒАЛИЕВ. 

«Біздің келешектегі жақындағы жоспарларымыз электронды архив ұйымдастыру. Содан кейін қабылдау бөліміне жоғары білімді орта буын медбикелердің жұмысын ұйымдастыру. Неге десеңіздер ол медбикелердің білімі де жоғары. Тәжірибелері де мол»,- деді №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Марат АБДУЛЛАЕВ.

Перизат Көмекбайқызы, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» телеарнасы