Алматыда Қазақстандағы әскери клубтар «Қара майор» жүлдесі үшін бақ сынасты. 100-ден астам спортшылары татамиде кіл мықтыдан кім мықтыны анықтап жатыр. Әскери жекпе-жекке 11 облыстан 18-ге толмаған жасөспірімдер жиналған. Ұйымдастырушылар бұл доданы дәстүрге айналдырмақ.
«Әскери саптағы азаматтардың барлығын отан сүйгіштікке баулуға және қарулы күштер санатындағы спортпен шыңдалған азаматтарды дайындау бағытында өткізіліп отырған дүние. Шын мәнінде бұл өте үлкен құрмет. Екінші жағынан, бұл өзіміздің Елордамыздың 20 жылдығы қарсаңында келіп отыр»,-деді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытбек СМАҒҰЛ.
Жарыс жүлдегерлеріне медальдар мен Борис Керімбетов туралы жазылған кітап табысталады. Сонымен қатар бас жүлде алған клубқа кубок қарастырылған. Сондай-ақ додада топ жарған жеткіншектерге әскери институтқа түсуге жеңілдіктер қарастырылған.