|
03.03.2017 | 10:41
6744

Алматыдағы "Көкжиек" ықшам ауданының тұрғындары ПИК басшылығына наразы

Алматыдағы "Көкжиек" ықшам ауданының тұрғындары ПИК басшылығына наразы

Алматыдағы "Көкжиек" ықшам ауданының тұрғындары ПИК басшылығына наразы. Өйткені, мемлекеттік бағдарламамен салынған көпқабатты үйлер 10 жылдан бері күрделі жөндеу көрмеген. Подъезд қабырғаларының бояуы кетіп, баспалдақтары опырылып кетіпті. Енді тұрғындар пәтер иелері кооперативі басшысының толыққанды есеп беруін сұрайды. Олай болмаған жағдайда, халық көрсетілуі тиіс қызметтерді заң жүзінде орындатқызбақ. Толығырақ тілші тарқатсын.

Көкжиек ықшам ауданындағы көп қабаттты тұрғын үйлердің иелері жиналыстарды ПИК төрағасынсыз өткізіп жүр. Тіпті оны таппақ түгілі танымайтындықтарын  айтады. Сондықтан, базынасын қайда жеткізерін білмей дал. Мұндағы 60-тан астам көпқабатты тұрғын үйдің мәселесі ортақ. Кіреберісте жарық та жоқ. Шатырлар шұрқ тесік, оған қоса электр торабы ашық-шашық жатыр. Ал баспалдақтағы кафельдер опырылып бастапты. Халық ай сайын ақша төлегендіктен, ПИК-тен ашық есеп талап етіп отыр.

«Біздің КСК бастықтары Жароков Тимирязевте отырады да, ал Көкжиекке ешқашан өздері келмейді ақшаны жинағанымен. Біріншіден, ақшаның қайда кетіп жатқанының ашық көрінбеуі. Шатырды да, ремонты да, шамдарды ауыстыруды да ешқашан ойламайды»,- деді Тұрғын, Ерлан ҚОЛДАСБЕК.

«1-ші этаждан балконымыздан қоршалған. Тышқан шығып жатыр. Біріншіден, КСК-ға айтылды. Дезинфекция жасаған жатқанын білмеймін. Бұрын көшіп келген жылдары СЭС-тен келіп, улап кететін»,- деді Тұрғын, Гүлнәр ТӨЛЕУОВА.

Ал пәтер иелері кооператив басшылығының айтар өз уәжі бар.Тұрғындар 2013-ші жылдан бері 9 миллионнан астам теңге берешек боп қалған. Бірақ соған қарамастан, халыққа қызмет көрсетіп жатқандықтарын айтады. Жоспар бойынша, биыл 17 көп қабатты тұрғын үйді жөндеуден өткізбек. Ал қалғанын халық өз қаржысы есебінен жөндеулері керек деп отыр»,- деді Гүлнәр ТӨЛЕУОВА.

«Жұмыстың тарабына кіретін ол обязательно текущий ремонт деп айтамыз. Ол күрделі жұмыстар емес. Күрделі жұмыстар үшін тұрғындар бөлек ақша аударып немесе өкіметтен бөлінген модернизация есебінен күрделі жөндеу жұмыстар жүргізіледі»,- деді «Алматы тұрғын үй» ЖШС директорының орынбасары, Болат ӘБДІРАЛИЕВ.

1 жыл бойы ПИК мәселесін жіті бақылаған Қоғамдық кеңес мүшелері мәселені заңмен бекіту керектігін алға тартады. Өйткені, дәл сол тұста заң осал. Егер өзгерістер енсе, қаладағы пәтер иелері кооперативтерін басқару оңайлай түспек. Сондай-ақ, тұрғындарға сапалы қызмет те көрсетілетін болады. 

«Мәжіліске заңға 181 өзгерту енгіздік. Осыны өзгертпесе онда мүмкін емес. Мысалы, бақылауға акиматта құры Тұрғын үй инспекциясы бар. Олардың шамасы шектеулі»,- деді Алматы қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы, Рахман АЛШАНОВ.

Шенділер ұсынған ұсыныс толығымен қабылданса, алдағы уақытта ПИК мәселесі толық шешім табады деген жоспар бар. Айта кетейік, бүгінде тұрғындардың көбі пәтер иелері коперативінің жұмысына көңілдері толмайды.

Жадыра Омаржан, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир