|
27.03.2018 | 21:00
4863

Алматы қаласы мәслихатының депутаттық корпусы екі адаммен толықты

Алматы қаласы мәслихатының депутаттық корпусы екі адаммен толықты

25 наурызда  Қазақстанның 15 аймағында шығып қалған депутаттар орнына мәслихат сайлауы өтіп, аудан, қала және облыстардың өкілетті органдарына жалпы 68 депутат сайланды. Алматыдағы №12 және 24-сайлау округтерінде де қалалық мәслихат депуттарының сайлауы өтті. Әуезов және Жетісу округтері бойынша барлығы 54 мың 592 адам болса, соның 12 мың 812-сі дауыс беріп, өз кандидаттарын таңдады. Сайлау алдындағы жарысқа әр округтен 3 адамнан, жалпы 6 үміткер қатысып, оның екеуі депутат болып сайланды.

«Әркім өз дегенімен, қай кандидатқа дауыс бергісі келеді соған беріп жатыр. Менде келдім, өз даусымды болашағы бар жас маманға берейін деп отырмын. Осы мектепте депутаттармен кездесу өтті. Сол кезде олардың бағдарламаларымен таныстық біз. Енді Жетісу ауданының тұрмыс-тіршілігіне көмектеседі деген ойдамыз», - деді қала тұрғыны Гүлдария АХМЕТЖАНОВА.

«Әр кандидат өзінің сайлау науқанын заңды өткізді. Бізде ешқандай заң бұзушылық болған жоқ. Сонымен, нәтижесінде 12 округ бойынша Қасымов Ерболат 71,2 пайыз дауыс жинап депутат болып сайланды. Ал 24 округ бойынша Құдайберген Қайрат 73,3  пайыз дауыс жинап депутат болып сайланды», - деді Алматы қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Жанна АСАНОВА.

Осылайша, Алматы қаласы мәслихатының депутаттық корпусы екі адаммен толықты. Барлық сайланған депутаттар жоғары білімді, басшы лауазымдарда қызмет етеді. Депутаттардың өкілеттік мерзімі - 5 жыл, дегенмен олар 2016 жылы сайланып, шығып қалған депутаттардың орнына келгендіктен бұл қызметте 2021 жылға дейін отырмақ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир