Алматыда батыр ана жаңа 3 бөлмелі пәтерге ие болды

Алматыда батыр ана жаңа 3 бөлмелі пәтерге ие болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мереке қарсаңында қоныс той тойланды. Алматыда батыр ана жаңа 3 бөлмелі пәтерге ие болды. 10 баланың анасы Айнұр Арғынбекова осы уақытқа дейін пәтер жалдап келген. Енді келер жылдан бастап, «Алматы арена» мұз айдынына қарсы орналасқан Алмалы тұрғын үй кешенінде тұратын болады. Алтын алқа иегеріне үйдің құжаттарын қала әкімі Бауыржан Байбектің  өзі табыстады. 


Айнұр Арғынбекова 10 баласын асырап отырған жалғызбасты ана. Отбасын және бірнеше жыл бұрын жол апатына ұшыраған мүгедек жолдасын батыр ана өзі бағып келген. Айнұрдың айтуынша, күйеуі аяққа тұрғаннан кейін, отбасын тастап кетіпті. Ал қазір жалғызбасты ана 2 бөлмелі пәтер жалдап күнелтуде.


 «Квартирада жүргенімізге 5-6 жыл болып қалды. Сол осы... Балаларым Жетісу ауданында мектепте оқиды. Екі үлкен қызым колледжде оқиды»,- Көп балалы ана, Айнұр АРҒЫНБЕКОВА.


Тұңғыш президент күніне орай қала әкімдігі Арғынбековтер отбасына тосын сый жасады. Ауданы 75 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтер сыйлады.


 «Осы «Алматы аренаның» қасында, қарама-қарсы, көшенің бойында, 14 қабатты осындай үй. Соның ең жоғарғы жағында, керемет жақсы көрінісі бар 3 бөлмелі пәтер, 75 шаршы метр. Енді жарты жыл тез өтеді деп ойлаймын. Демеушілердің атынан, қала атынан, сіздерге сіздің балаларыңызға, Елбасының атынан сый болсын деп, сізге қолдау болсын деп мына сертификатты табыстауға рұқсат етіңіз»,- деді Алматы қаласының әкімі, Бауыржан БАЙБЕК.


Көпбалалы анаға берілген пәтер Алатау ауданындағы «Алмалы» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Бұл ықшам ауданда инфрақұрылымның барлығы: мектеп, балабақша қарастырылған екен. Кеуделерін қуаныш кернеген отбасы өз сезімдерін жасырмады. ¤


Аталмыш тұрғын үй келер жылы қолданысқа беріледі. Ал шілде айында Арғынбековтар отбасы жаңа пәтерге көшуіне болады. Демеушілер әрленген үйді қажетті жабдықтармен де жарақтандыруға уәде берді.


Азамат Әуезхан, Ялкунжан Әшімжанов, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров