|
16.05.2018 | 19:50
3730

Алматыдағы барлық базарлар жаңарады

Алматыдағы барлық базарлар жаңарады

Алматыдағы 57 базардың барлығы жаңарады. Соңғы бес жылда «қызыл сызықта» орналасқан, оның үстіне санитарлық нормалар мен архитектуралық келбетке сай емес 20-дан астам базар біржола жабылды. Ал 16 базар жаңа талаптарға сай жаңартылып, меншік иелері құрылысқа 16 миллиард теңгеден астам инвестиция бөлді. Енді қаладағы 11 базар қайта қалыпқа келтірілмек. Олардың алтауы жыл аяғына дейін жаңартылып бітсе, бесеуі келер жылы қолданысқа беріледі. Қалалық әкімдік базарларды заманауи форматқа көшіріп, салық түсімінің ашықтығын қамтамасыз етпек. Қайта ашылатын сауда орындарында көлік тұрағы, РОS терминалдар мен кассалық аппараттар орнатылады.

Былтырғы көрсеткіш бойынша Алматыда көтерме-бөлшек сауда айналымы 5 пайызға артып, шамамен 13 триллион теңгені құраған. Бұған сауда алаңы мен орындар санын ұлғайту және кәсіпкерлер жұмысының ашықтығы сеп болған. Дегенмен, әлі де тұтынушыларға қолайлы жағдай жасалмаған базарлар да бар. Есте болса, жақында «Кар Сити» сауда орталығы алдындағы 100-ден астам сауда және қоғамдық тамақтану нүктелері жабылды. Ал «Рахат» базарында жалға беру мерзімі аяқталысымен дүңгіршіктер сүріліп, орнына аллея салынбақ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир