Алматыда қоғамдық көлікке арналған жол 100 шақырымға дейін жетпек

14.08.2017 16:34

Алматыда жыл соңына дейін қоғамдық көлікке арналған жол 100 шақырымға дейін жетеді. Ал ақылы тұрақтар саны 10 мың орынға көбеймек. Сондай-ақ велобекеттер саны да 200-ге дейін артады. Биыл қалада 146 шақырым жол жөнделіп, 97 мың шаршы метр аумақтағы тротуарлар абаттандырылмақ. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, Желтоқсан көшесінің Тимирязевтен Төле биге дейінгі ұзындығы 2,3 шақырым аумағында жөндеу жуықта аяқталмақ. Атап өтерлік жайт, жыл аяғына дейін 102 өтпелі жол қайта жасалып, жарық шамдарымен қамтамасыз етілмек.