Алматыда медицина университетінің жанынан емхана ашылмақ

18.07.2017 в 16:42

Алдағы уақытта Алматыдағы Асфендияров атындағы медицина университеті жанынан жаңа бағытта ем-дом көрсететін емхана ашылмақ. Бұл - «Экспо» көрмесі аясында Испания өкілдерінің қатысуымен өткен жиында белгілі болды. Кездесуде ел шенділері аталмыш кәрі құрлық өкілдерімен медицина, авиация, бизнес саласын қамтитын бірқатар меморандумға қол қойды. Медицина бағытында едәуір ілгері дамыған Испания елінің мамандары алдағы уақытта Қазақстанға инвестициядан бөлек, тәжірибелерімен бөлісіп, аталмыш саланың деңгейін көтермек.

«Бұл меморандум аясында еліміздің Алматы, Астана қалаларында  жоғары оқу орындары жанында, қала ішінде түрлі медициналық орталықтар ашу көзделіп отыр. Сонымен қатар, аймақтардағы инфрақұрылымдарды дамыту көзделіп отыр. Осыған орай, арнайы жұмыс тобын құрамыз. Әрі әрі қарай да шетелдік инвесторларды қызықтыратын жобалар ұсынып, екі жақты қарым-қатынасты нығайта түспекпіз»,- деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі, Алексей ЦОЙ.

«Денсаулық сақтау министрлігімен біріге меморандумға қол қойып, келісім шарт жасағанымызға өте қуаныштымын. Қазақстандағы медицина саласын жаңа қарқында дамытуға септесуге бар күшімізді салатын боламыз. Ұсынып отырған жаңа технология мен  инновация артық етпейді.Соңғы 5 жылдың ішіндебіз Қазақстанға  2 млрд доллар көлемінде инвестиция құйып үлгердік.Әрі кез келген саланы қолдауға әзірміз. Тәжірибеменде бөлісеміз»,- деді Испаниялық компанияның аймақтық директоры, Игнасио КАСАНОВАС.

Отырыста авиация мен кәсіпкерлікті дамыту бағытында да біршама маңызды құжаттарға қол қойылды. Айта кетейік, екі ел арасындағы байланыс нығайғалы бері сауда-саттық көлемі өткен жылы 3 млрд долларды құраған. Тауар айналымы 1 млрд доллардан асса, биыл қаңтар мен наурыз айларында 235 млн долларға жуықтапты.


Теги: Испания