Алматыда кеміргіштерді аулау шаралары басталды

Алматыда кеміргіштерді аулау шаралары басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда зиянды кеміргіштерді аулау шаралары басталды. Арнайы мамандар көктемгі дератизация кезеңіне кіріспек. Атжалмандардан тазалау процесі қаланың бүкіл ауданында жүргізіледі. Алдымен саябақтарда, арық арналары мен қоқысы көп жерлер кеміргіштерден ада болмақ. Ал тұрғындарға егеуқұйрықтарды улау үшін арнайы препараттар тегін таратылады. Түрлі жұқпалы дерттерді тасымалдаушы кеміргіштерден арылу шаралары қалада жылына екі рет жүргізіледі.

«Кез келген ұйым, әсіресе пәтер иелерінің кооперативтері тазалау шараларын өз қаржыларынан шығарып жасауы тиіс. Бұл шаралар жүйелі түрде болуы керек, егер дератизация мекемелермен бірге бір мезгілде жүретін болса нәтижелі болады», - деді Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Қарлығаш ӘБДІЖАППАРОВА.

Шаһар бойынша биыл 47 мың гектардан аса жер зиянкестерден тазарады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ мамандар егеуқұйрыққа арналған у кеміргіштердің денесіне лезде әсер етпей, тек қармағына ілінген жемнен кейін ғана өз нәтижесін береді. Осылайша уланғанын түсінген зиянкестер қиындықтан құтылу үшін сыртқа жүгіріп шығады. Сондықтан қалалықтар  атжалмандардың көбейгенін жиі байқауы мүмкін.


Новости партнеров