Алматыдағы полицейлер мен кеденшілер пара алудан алдарына жан салмай тұр. Мұны жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Дерекке сенсек, былтырғы жылы еліміз бойынша 100-ге жуық құзырлы орын өкілі әкімшілік жауапкершілікке тартылған екен. Кейбірі жұмыстарынан қуылған. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері пара алудан мүлдем аулақ оқу орындарының тізімін атады. Көш басында әйгілі университеттер.
«Осы екеуінде де, екі ЖОО-да да ішіндегі осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы өте көп іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Барлық шешім қабылдаулар автоматтандырылған. Студенттердің емтиханы да, жазатын тапсырмалары олардың бәрі студенттердің аты-жөні жазылмайды», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айгүл БАЙХАНОВА.