Алматыда төбелес арты өліммен аяқталған іс бойынша айыпталушы бас прокуратураға жүгінді

19.07.2017 15:49

Алматыда төбелес арты өліммен аяқталған іс бойынша айыпталушы бас прокуратураға жүгінді. 8 жылға бас бостандығынан айырылған Александр Кузнецов соттың шешімін қайта қаралуын сұрап отыр. Үкімнің әділетсіз екендігін жігіттің қорғаушылары да айтуда. Осы уақытқа дейін олар сараптама орталықтарының қорытындыларын жинаған. Айтуларынша, аппеляциялық инстацияның үкімінде заң бұзушылық бар екендігі расталған.

«Біз ешкімді жауапкершілікке тартуды талап етпейміз. Судьяны да, прокурорды да. Тек 8 жылға бас бостандығынан айырылған Александр Кузнецовтың бостандыққа шығарылуын сұраймыз. Оған кесілетін жаза өзін қорғау амалдарының асыра қолдануы болатын. Бірақ 106 бап емес. Ал заңсыз жаза кескен азаматтарды жауапкершілікке тартылуын сұрап отырған жоқпыз»,- деді Александр Кузнецовтың адвокаты, Алма МУСИНА.

Еске сала кетсек, төбелес 2015 жылдың наурыз айында болған еді. Ұрыс-керістен Сырым Мұратқалиев қайтыс болды.