¤
Алматыдағы 70-тен астам жол қиылысы полицейлермен басқарылуға көшіріледі. Кешеден басталған шара көлік кептелісін азайтуға бағытталған. Кеше орын алған ұзын сонар көлік ағынан кейін Алматының тәртіп сақшылары осындай режимге көшіпті. Сонымен қатар, құзырлылар қар тазалауға кедергі келтіріп, жол жиегіне көліктерін қаңтара салатын тізгіншілерге де шара қолданбақ және дөңгелектерін ауыстырмағандарға 1 желтоқсанға дейін уақыт берілді. ¤«Қардың көптеп жаууының салдарынан Алматы қаласындағы жол қозғалысы едәуір күрделенгені қазіргі таңда барлықтарыңызға мәлім. Бүгінгі таңда, жолдағы ахуал тұрақтандырылды. Әйтсе де барлық қатысушыларға айтанымыз, жол жүру ережесін бірден-бір сақтап жүру керек. 70-тен аса қиылыстарды қолмен реттеу жұмысы қолға алынды, яғни жол патрульдік полициясы қызметкерлері және арнайы мамандандырылған батальонның қызметкерлері»,- деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі, Салтанат ӘЗІРБЕК.