|
08.08.2018 | 10:30
7878

Алматыда композитор Өмірбек Байділдаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды

Алматыда композитор Өмірбек Байділдаевқа арналған ескерткіш тақта ашылды

Алматыда белгілі қоғам қайраткері, композитор Өмірбек Байділдаевқа ескерткіш тақта ашылды. Ол сазгер тұрған үйдің қабырғасына ілінді.

Бұл үйде өнер иесі 21 жыл ғұмыр кешкен. Өмірбек Байділдаев музыка мәдениетін қалыптастыруда өлшеусіз үлес қосып, көптеген әндерімен баға жетпес мұра қалдырды. Сондай-ақ, көптеген талантты шәкірт тәрбиелеп, өзіндік ән мектебін қалыптастырды.

«Өмекеңнің патриотикалық әндері, патриоттық теманы қозғауы бәрімізге ой салды. Мысалы, Әсет Бейсеуовке, Ескендір Хасанғалиевқа патриотикалық әндері туралы ой-пікірлерін, қалай дұрыс жазудың мән-мағынасын айтып отыратын. Ал бізге, әншілерге, ондай әндерді ел алдында айтудың мақсатын түсіндіріп отырушы еді», – дейді ҚР халық әртісі Нұрғали НҮСІПЖАНОВ.

«Әкем мен үшін ең алдымен – асқар тау, менің ұстазым. Оның мен үшін орны ерекше, соған қарап бой түзеп, үлгі алып өстік. Әкем ұлттық музыканың бастауында болды. Жас та болса балаларға арналған талай оқулық шығарды. Ол уақытта ондай оқулықтар саусақпен санарлық қана болатын», – деп еске алды Өмірбек Байділдаевтың қызы Бибігүл БАЙДІЛДА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир