|
08.08.2018 | 10:08
2259

Қазақстандағы «I am a singer» байқауының екінші маусымы 9 қыркүйектен бастап көрсетіледі

Қазақстандағы «I am a singer» байқауының екінші маусымы 9 қыркүйектен бастап көрсетіледі

Еліміздегі «I am a singer» мега жобасының екінші мауысымында сіздің де халықтық қазылар алқасының мүшесі болуға мүмкіндігіңіз  бар. Бастысы, ән өнерінен хабардар болу маңызды.

Халықаралық шоуға қатысуға ниет білдіргендердің саны – 3 мыңнан асып жығылған. 9 қыркүйектен бастап көрсетілетін додаға отандық өнерпаздардан бөлек, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Иран, Армения және Беларусь мемлекеттерінің таланттары бақ сынамақ. Танымал әншілерден өзге, жасы 16-ға толған, өзінің өнеріне сенімді кез келген тұлғаға осындай мүмкіндік берілмек.  

«Биылғы жылы біз кастинг арқылы көрермендер тарапынан дауыс беру арқылы және қазылар алқасының да пікірін ескере отырып, әншілердің деңгейін шешу мақсатында жұмысымызды біраз күрделендірдік. Соңғы 4 бөлімі біздің жобамыздың тікелей эфирінде өтеді. Сонда халық жобаға қатысушыларға өзінің дауысын бере алады», – деді «31 арна» телеарнасының бас продюсері Нұржан МҰХАМЕДЖАНОВА.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир