Жыл басынан бері Бизнестің жол картасы бағдарламасы бойынша Алматының Медеу ауданында 14 жоба жүзеге асқан. Олардың жалпы сомасы 650 миллион теңгеден асып жығылады. Тағы бір жобаның тұсауы кесілді.
Туризм мен қызмет көрсету саласы қашанда сұранысқа ие. Әсіресе, Медеу ауданында мұндай орындар аз емес. Жаңадан бой көтерген нысанның жалпы аумағы 700 шаршы метрді құрайды. Дәмхана 50 адамды жаңа жұмыс орнымен қамтыды. Халал стандартына сай жұмыс істей дәмхана бір мезетте 25 адамды тамақтандыруға қауқарлы. Ал, инвестиция көлемі 250 миллион теңгені құраған.
«Мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетіліп жатыр. Жобалау жұмыстары бойынша. Біз жақында мына жерден ойын алаңын ашайын деп едік. Соған Медеу ауданының әкімшілігі қолдау көрсетіп жатыр»,- деді Жобаның қаржы директоры, Фархат НҰҒЫМАНОВ.
Мұндай асхана бұған дейін қаланың басқа аудандарында да бой көтерген. Келесі айда тағы екі қоғамдық тамақтану орнын ашуды жоспарлауда. Жыл аяғына дейін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша тағы 3 мейрамхана және 2 қонақ үй ашылмақ.
«Жалпы келіп жатқан қонақтарымызға, тұрғындарға жоғары сапалы қызмет көрсету біздің мақсатымыз. Осындай бастамаларды, осындай жобаларымызды біз шақырып, әкімшілік кедергілерді жою арқылы ауданға ақша тарту»,- деді Медеу ауданының әкімі, Ержан ЖЫЛҚЫБАЕВ.
Атап өтер болсам, бұл қаланың ең ірі әкімшілік бөлігі. Қазір мұнда 500 мейрамхана, 37 қонақ үй және екінші деңгейдегі 13 банк қызмет етеді.
Перизат Көмекбайқызы, Нұржан Оразбеков, «Алматы» телеарнасы