Алматыда ұлттық нақышта мейрамхана ашылды

02.03.2017 17:35

Алматыда ұлттық нақышта мейрамхана ашылды. Оның Көктөбеде орналасуы алматылықтар мен қала қонақтарына ерекше әсер қалдырары сөзсіз. Киіз үй іспетті нысанда отырып қаланың дәл төбесінен қарауға болады екен. Алматы қаласының әкімдігінен қолдау тауып ашылған тамақтану орнының жалпы аумағы 380 шаршы метрді құрайды.

«Ұлттық тағамдар қымбат болмауы керек. Себебі қолданылатын заттар отандық өнім. Осының арқасында халыққа да қолжетімді», - деді мейрамхананың атқарушы директоры Мұхтар ЖҮНІСОВ.

Айта кетейік, биыл қалада жүзге жуық сервистік қызмет көрсету нысандары ашылмақ. Құйылатын инвестиция көлемі 10 миллиард теңгеден астам болады дейді жауаптылар. Бұл өз кезегінде 10 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға септігін тигізеді.