Алматыда ІІД ғимараты алдынан фронт-кеңселер ашылады

Алматыда ІІД ғимараты алдынан фронт-кеңселер ашылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы полиция ғимараттарының биік қоршауы қиратылмақ. Халықты қорғауы тиіс сақшылардың өздері бұған дейін қарулы күзет, биік қоршаумен оқшауланып келсе, енді бұл Қоғамдық кеңестің шешімімен алынып тасталмақ. Оның орнына полицейлер халыққа жақын болуы үшін фронт-кеңселер ашпақ.

Әйнектен жасалған қабылдау кабинеттеріне келген тұрғындарға қылмыстық және әкімшілік полиция қызметкерлері кеңес береді. Осылайша азаматтар тәртіп сақшылардан көкейдегі сауалға тез жауап алуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, фронт-кеңселерде күту залы да қарастырылмақ. Әзірге бұл бастаманың нақты қашан жүзеге асатыны белгісіз дейді Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің ресми өкілі. Өйткені, осыған дейін қару-жарақтар сақталып келген мекеме стратегиялық маңызы бар нысандар қатарына жатқан.

«Ішкі істер басқармалары жақсы қоршалуы тиіс деген нұсқаулық бар. Сондықтан, бірер жыл бұрын осы жұмыс қолға алынып, қазіргі таңда қалалық қоғамдық кеңестің ұсынысымен бұл жұмыс қайта қаралып, жуырда бұл қоршаулар алынып тасталуы мүмкін. Ол 1-2 күннің шаруасы емес қайткенде де. Тиісті қаражаттар бөлінуі тиіс. Және басқа да құжаттамалық процедуралар жүргізілуі тиіс», – деді Алматы қаласы ІІД ресми өкілі салтанат ӘЗІРБЕК.



Новости партнеров