Балалар табиғат апаттарынан мықтап қорғалады. ЮНИСЕФ қоры мен Алматыдағы Төтенше жағдайлар және табиғат апаттары қауіп-қатерін азайту орталығы меморандумға қол қойды. Екі жақты келісім, орталық қызметкерлерінің біліктілігін арттырып, халықаралық тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бастысы балаларды қорғауға ықпал етеді. Бұдан былай, ЮНИСЕФ қоры балаларға бағытталған табиғат апаттары саласындағы ілім-білімді шыңдауға, балаларға келер қауіп-қатерді азайтуға, климаттың өзгеру, бейімделу үдерісіне қолдау білдіреді. Жоспарда, қаланың білім ұйымдарының ұстаздары мен оқушыларына табиғат залалынан қорғанудың халықаралық тәжірибесін үйрету бар.
«Біз ЮНИСЕФ-пен бірге ұстаздар құрамымен, балалардың өздерімен барлық бағыттар бойынша тәжірибелік жұмысты бастаймыз. Ал бұл Меморандум бізге де, ЮНИСЕФ-ке де заңды негізде жұмыс жасауға мүмкіндік береді»,- деді Төтенше жағдайлар және табиғат апаттары қауіп-қатерін азайту жөніндегі аймақтық орталығының директоры, Валерий ПЕТРОВ.