Алматылық әскерилер ІІБ ғимараттарының айналасында қауіпсіздікті күшейтеді

03.11.2016 16:34

Алматылық әскерилер Ішкі істер басқармасы ғимараттарының айналасында лаңкестікке қарсы қауіпсіздікті күшейтеді. Бұл қоғамдық кеңесте айтылды. Олар нысандарды шілде айында орын алған оқиғадан соң биік дуалмен қоршап нығайтатын болады. Мұндай шешім қала әкімдігі мен құқық қорғау ведомстволарының тапсырысы бойынша жүзеге асуда. Бүгінде қала бойынша 1500-ден астам нысанды нығайту көзделіп отыр.

«Қоршаулардың құрылысына әрі, нығайту жұмыстары үшін бюджеттен 350 миллион теңге бөлінді. Бірақ бұл қаражат толық игерілмеді. Қазір ҚР ІІМ-нің тапсырмасын іске асыра алмағандарға тәртіптік іс қозғалады», - деді қоғамдық кеңес мүшесі Александр БЕЛЯНОВ.