Орманды паналап келген отбасы уақытша баспанамен қамтамасыз етілді

21.08.2017 17:03

Орманды паналап келген отбасы уақытша баспанамен қамтамасыз етілді. Қайырымды жандар қолдан келгенше көмектесуге дайын.

Бейбіт күнде бір апта бойы орманды паналап келген анасы мен баласына қайырымды жандар көмек қолын созды. Қалталы  кәсіпкер оларды бір жыл бойы тегін баспанамен әрі азық-түлікпен қамтамасыз етуге дайын.

«Арттарынан келіп тауып, жолығып, Әлімханның өзімен сөйлестім. Мен өзім жеке кәсіпкермін, азын-аулақ жатақханам бар. Үкімет, әкімшілік оған үй бергенше өз қолыма алуға уәде беріп, алып кетейін деп отырмын. Жейтін тамағы бар, басқасы бар, болысамыз бір Алла разылығы үшін», - деді  кәсіпкер  Сұлтан Қажы ӘБІШҰЛЫ.

Гүлмира Сарманованы толықтай тексеруден өткізу үшін Қалқамандағы №7   қалалық клиникалық ауруханаға жедел жәрдеммен алып кетті. Небәрі 21 жасар жігіт Әлімхан мен оның анасы Гүлмираның  мұндай күйге  жетуіне аналарның ұры-қарыға тап болып, олардан қатты соққы алуы себеп. Өйткені, оқыс оқиға салдарынан Гүлмира апайдың басы қатты зақымданып, ауруы асқынып, жұмысқа жарамсыз болған. Осы ретте 20 жылдан бері пәтер жалдап келген отбасының ендігі асыраушысы үлкен ұлы Әлімхан болды. Алайда, ауру анасын бір сәтке де тастап кете алмайтын халге жеткенде, бала  әр жерде жұмыс істеп, тауып жүрген нәпақасынан да айырылады. Саладрынан, пәтер ақысын төлемегені үшін үй иелері босатыңыздар деп талап қойған. Барар жер, басар тауы болмаған соң, олардың орманда өмір сүрулеріне  тура келген.

«Мемлекеттік органдармен мәселені шешуге тырсып жатырмыз. Қазір біріншіден, Әлиханның анасын ауруханаға орналастырамыз. Әрі қарай бірге тұруларына жәрдем қыламыз, көмектесеміз», - деді «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Алмажан БАҚТҰРАЗОВА.

Ал үйдің отағасы бірнеше жыл бұрын Мәскеуге табыс табу үшін кеткен екен. Содан бері ізім-ғайым жоқ. Ескере кетерлігі, Әлімханның артынан ерген Әлімжан есімді жалғыз бауыры қазір балалар үйінде екен. Өйткені, қасымызда қалса, аштыққа шыдамас еді дейді. Айта кетейік, Әлімханның оқып жүрген мамандығы програмист. Әйтсе де өнерге таласы бар бала әрістік қабілетін де  киноға түсу арқылы көрсетіп үлгенген. Ауру анасын тастамаған оны қала әкімі Байыржан Байбектің орынбасары арнайы шақырып кездесті. Әкімдік тарапынан нақты көрсетілетін көмек біздің назарымызда болмақ.

Әйкерім Ердәулетқызы, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы